Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Тенелбаева Аксулу Аманбердиевна 28.04.2010, Сұрақ нөмірі:
1. Жесір-ана құқығы?
2. Орган қызметкері жұмыс бабында жол апатынан қаза болған, артында қалған кәмелет жасқа
толмаған 4 балаларына пенсия осы кезге дейін төленбеді?
Осы мән-жайды көңіл бөліп қараусыз қалдырмауыңызды сұраймын!
Өтініш
Сәлеметсізбе Қырымбек Көшербаев мырза!
Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып осы жан айқайыма құлақ асуыңызды өтіне сұраймын. Сізге 2009 ж 3-4 кезек барып приемга жазыла алмадым.
Бірінші барғанымда жазбаймыз,екінші барғанымда ондай мәселені карамайды,үшіншісінде демалыста деді.
Менің жолдасым Табынбаев Саламат, 2007 жылы жұмыс бабымен жүріп, жол апатынан қаза болды. Жаңаөзен қаласының қызметкері болды. Говдының бір бөлігіне 4 кісі комиссия:
1.Сартаев Н.
2.Асинова Г.
3.Кушкембаева Ә.
4.Тәжібаев Е.
Осылар Астанадан келген.
Басшылары Кендірлі асырып алып кетуін заставит етіп, осы коммисиядан құтылып кел деп, шеніңді өсіреміз деді. Сол кеткеннен жолдасым өліп тынды.
УВД, Прокуратура бәріне қоймай әлі жазып келемін, бірақ еш нәтиже болған жоқ. Неше жыл өтсе де шектеулі уақыт жоқ екенін білемін. Себебі мен 4 баламен жесір әйел болдым.
3-уі мектепте, біреуі кішкентай. Өзім жұмыссызбын, білімім жоқ, жұмыс жасап көрген жокпын еш жерде.
2 жылдан бері қатты стресстен ауру болдым, Менің алып отырған акшам 25 мың теңге. По потеря кормильца, пособие. Енді мен 4 балаға мекемесінен пенсия төлемейді ма? кіші баласы 18-ге келгенше.
Улкен қызыма 9 сыныпты бітіргізіп бюджет оқуына түсіруге кім көмек береді? Менің жағдайым өте ауыр, береміз деген үйді әлі берген жок, бірақ ауызбен үй берілу керек деп еді. Мен осындай условиясы жоқ үйде тұрып жатырмын. 4 кішкене баламды кешегі аяздарда қатырып ала жаздадым.
Назарбаевтың «Ана мен бала мүддесін қорғау» заңдары қайда?
Осы бойынша прокуратура неге тексермейді?
Адвокатта тексеру жүргізді 3-4 ай.Сонда маған айтқаны: балаға пенсия алуым керек екен, бірақ УВД соц. начисление деген справканы түбегейлі жоғалтып жіберген деді. Неге оны жоқ қылады, 20 жыл архивте сақталмайды ма өлген адамның құжаты?
Бұның бәрі басшылар бір-бірінің құйрықтарын жабудың көзі болды. Ал артында мен 4 баламмен не анда не мында кіре алмай екі ортада ауру болдым. Енді қалай окытамын? қалай жеткіземін? қалай іштіремін? Ток қылып қалай бүтін қылам деген ойларды қазір ойлап, қазір ұмытып отырған жайым бар.
3 жыл таяу уақыт болды. Осы мәселенің мән жайы ақиқатпен қаралған жоқ.
Енді не де болса Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жазамын деп ойлап отыр едім, сіздің сайтыңызды көрдім. Соңғы үмітім өзіңізде
Балдарыма керек кітаптарын сатып алып бере алмаймын? Ақысыз балабақша тағы керек. Қатысқысы келіп тұрған үйірмелерге қатыса алмайды, қаражаттың тапшылығынан. Крышам жоқ болса осы проблемамен шет болып қала беремін ба?
Арыз иесі: Тенелбаева Аксулу Аманбердиевна
Жеке куәлік №012 682551
Мекен-жайы: Жаңаөзен қаласы Арай2 ш/а,
№3 көше, №69 үйі.
Үй телф: 54-607
күні: 28.04.2010 жыл
Администратор 06.05.2010
Құрметті Ақсұлу Аманбердіқызы! Халықтың әл-ауқатын арттыру және ана мен баланы әлеуметтік қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларда кәмелетке толмаған балалары бар, сондай-ақ асыраушысынан айрылған отбасыларға әлеуметтік қорғау шаралары көзделген. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты негізгі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері арттырылды. Сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар табысы төмен отбасыларға балалар жәрдемақысын және жергілікті бюджет есебінен қосымша әлеуметтік көмектер төлеу қаралған. Соған байланысты Сіздің әлеуметтік-материалдық жағдайыңызға сәйкес, қолданыстағы заң аясында отбасыңызға мемлекеттік әлеуметтік көмек түрлері, сондай-ақ біржолғы материалдық көмек тағайындалады. Сіздің отбасыңызға әлеуметтік қолдау көрсету және тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында, балаңызды балабақшаға орналастыруға, мектеп жасындағы балаларыңызды жазғы сауықтыру шараларымен қамтуға, 9-сыныпты бітіруші қызыңызды бюджет қаражаты есебінен тегін оқытуға, өзіңізді жұмысқа орналастыруға (оның ішінде, әлеуметтік немесе ақылы қоғамдық жұмыстарға) ықпал ету шаралары алынады. Сонымен қатар отбасының тұрғын үйге мұқтаждығы танылған жағдайда, мемлекеттік қордан тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі құзырлы органдар тарапынан қаралатындығын қаперіңізге беремін. Аталған әлеуметтік қорғау шараларына жергілікті деңгейде ықпал ету және шешу үшін Жаңаөзен қалалық әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілетіндігін хабарлаймын. Сұрақтарыңыз бойынша Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыру, кадр жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Аманжан Гүлжихан Аманжанқызына хабарласуыңызға болады. Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 24 шағын аудан, 7 үй, №404 кабинет. Байланыс телефоны: 605253. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев