ҚАРАГАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМШІЛІГІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ-ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗЕДІ

2010 жылғы 15-ші қазан күні Қарағанды облысының әкімі Ахметов Серік Нығметұлы Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 32
  • Жауаптар: 28
  • 15.10.2010
  • 15.10.2010
  • Қарағанды облысының әкімі Ахметов Серік Нығметұлы

Алтынбеков Тілек Сейткамалұлы 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсізбе! Менің сізге қоятым сұрағым: Сіз қандай спорт түрімен айналысасыз және оған уақытыңыз болама? Сонымен қатар қазіргі таңда жастардың тыңдайтын әндері ұнайма, өзіңіз қандай әндерді тыңдайсыз? Осымен қорыта келе сіз жастарға қандай кеңестер бересіз?

Администратор 15.10.2010

Сұрағыңызға рахмет. Мен өзім негізінде шайбалы хоккеймен шұғылданамын. Футбол матчтары мен бокстан өтетін турнирлерді көргенді де ұнатамын. Ал, енді музыка жағына келетін болсақ, әр кезеңнің, әр ұрпақтың өзінің тыңдайтын әуендері, қызығушылықтары болады. Мен өзім жақсы музыканы сүйіп тыңдаймын. Оның классикалық, халықтық әндер, тіпті рок болуы да мүмкін.