Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақырыбындағы Интернет-конференциясы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақарыбында Интернет-конференция өткізеді. Сұрақтар 12 қараша күні сағат 9.00-ден бастап 13 қараша күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Интернет-конференцияға келіп түскен сұрақтардың жауаптары 2010 жылғы 18 қараша күні жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 12.11.2010
- 13.11.2010
- Барлық сұрақтар Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне
Мусабаев Асан 13.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Қарауыл ауылында күл-қоқыс, тұрмыстық қатты қалдықтар ауылдың іргесіне тіреліп тұр. Осы мәселелені шешу үшін тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салуға көмек көрсетуіңізді сұраймыз.
Администратор 13.11.2010
Қарауыл ауылында тұрмыстық қатты қалдық полигонын салуға байланысты 2008 жылы жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізілген болатын. Қазір осы құжаттар экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді. Құрылысты бастау үшін 2011 жылдың бюджетінен тиісті қаражат қарастырылады.