Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақырыбындағы Интернет-конференциясы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде «Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының міндеттерін іске асыру туралы» тақарыбында Интернет-конференция өткізеді. Сұрақтар 12 қараша күні сағат 9.00-ден бастап 13 қараша күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Интернет-конференцияға келіп түскен сұрақтардың жауаптары 2010 жылғы 18 қараша күні жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 12.11.2010
- 13.11.2010
- Барлық сұрақтар Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне
Жанабаев Рамиль 13.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Аудан кәсіпкерлеріне қандай көмек бере аласыздар?
Администратор 13.11.2010
Аягөз аудандық кәсіпкерлік бөлімінің негізгі жұмысы ауданда кәсіпкерлікті дамыту. Сол себепті, бөлім тарапынан кәсіпкерлерге ақпараттық көмек, кеңес үнемі беріледі. Мысал ретінде айтсақ, биылғы 2010 жылдың 11 айында бөлім «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен бірлесе отырып, кәсіпкерліктің «Бизнес-Кеңесші» жедел оқу курсын екі мәрте өткізді. 2 күн болатын бұл курс әлеуетті кәсіпкерлерге көп көмек көрсетті. Сонымен қатар кәсіпкерлерге несие алу, инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын дайындау сияқты күнделікті жұмыстарды атқарады.