2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 24.11.2010
- 30.11.2010
- Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі
Шукуров Марклен 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Елбасының биылғы Жолдауында «кәсіпкер – экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады», - деп атап көрсетті. Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді?
Администратор 25.11.2010
Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында кәсіпкерлік пен бизнеске кең өріс ашатын «Бизнестің жол картасы-2020» біріңғай бюджеттік бағдарламасын енгізуді тапсырды. Бұл бағдарламада қаражат мынадай бағыттарда пайдаланылады: - несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау; - шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіруге; - бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіруге; - кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарына. Бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Аталған бағдарлама аясында 18 жоба мақұлданған, 14-і қалаға тиесілі, 4-і аудандық жоба. Бірінші бағыт «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағыты бойынша мақұлданған жобалар: 1. «Уральскагрореммаш» АҚ 2. «Арктур» ЖШС 3. «Алтим-Стройдеталь» ЖШС 4. «ЗКМК» АҚ 5. «Алим» ЖШС 6. «Стекло-Сервис» ЖШС 7. «Свит» ЖШС 8. «Uniserv» ЖШС 9. «Уральская торгово-промышленная компания» 10. «КазМунайГазОборудование»ЖШС 11. «Фирма Родник»ЖШС Үшінші бағыт «Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау» 1. «КазАрмапром» ЖШС 2. ЖК «Фоняков» Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.