2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 24.11.2010
- 30.11.2010
- Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі
Лукпанов Сагынбек 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Елбасының биылғы Жолдауындағы «Балапан» арнайы бағдарламасы шеңберінде , балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру мақсатында қандай іс-шаралар қолға алынды?
Администратор 25.11.2010
Елбасының биылғы Жолдауындағы «Балапан» арнайы бағдарламасы шеңберінде, балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру мақсатында қала бойынша көптеген шаралар қолға алынып отыр. Атап айтқанда: - 2010 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 3 жастағы балалардан бастап қамтамасыз ету 80% құрады; - мектепке дейінгі тәрбиемен барынша қамту мақсатында жеке балабақшалар ашу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қалада 2 жеке балабақша тиісті лицензияларын алуға құжаттарын дайындау үстінде; - 2010 жылы 5-6 жастағы балаларды толық мектепалды даярлықпен қамту 100% құрады; - ағымдағы жылы мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 20 кеңес беру пунктері ашылып отыр; - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру стандартын еңгізу жұмыстары жүргізілуде; - «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары жүзеге асырылуда; - жаңадан енгізілген мектепке дейінгі мекемелер педагог кадрлармен қамтамасыз етілуде; - мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтар мен тәрбиешілер қайта біліктілігін арттыру курстарынан өтуде. 2010 жылы 210 педагог өтті. - мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту мақсатында, Д.Қонаев атындағы шағынауданында 280 орындық балабақша құрылысы аяқталу қарсаңында.