2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 24.11.2010
- 30.11.2010
- Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі
Жүнісов Нұрлан 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Облыстың тұрғын үй саласын дамыту бағытында қандай шаралар жүзеге асырылады?
Администратор 25.11.2010
2010 жылы тұрғын үй құрылысының үш жылдық (2008-2010) бағдарламасы аяқталады. Барлығы тұрғын үй бағдарламасы бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2010 жылғы 10 ай ішінде 131,5 мың шаршы метр тұрғын үйдің іске қосылуы қамтамасыз етілді. Салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері үшін несиелік тұрғын үй құрылысына бөлінген республикалық несиелерден облысқа 2010 жылға 406 млн. теңге қарастырылды. Бөлінген несиелерге қараша айында Орал қаласының 9 шағын ауданындағы 128 пәтерлік тұрғын үй және желтоқсан айында Зеленов ауданындағы бір пәтерлік тұрғын үйлер тапсырылады. Коммуналдық (жалдамалы) тұрғын үй құрылысына бөлінген республикалық трансферттерден 2010 жылы 10,3 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үйді іске қосу үшін 586 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні Тасқала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Ақжайық, Бөкей ордасы және Зеленов аудандарындағы 2,7 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үйдің іске қосылуы қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін Орал қаласындағы 75 пәтерлік үйдің, Ақсай қаласындағы, Жаңақала, Сырым, Теректі және Шыңғырлау аудандарындағы ауданы 7,6 мың шаршы метр 30 пәтерлік тұрғын үйдің іске қосылуы қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа, республикалық трансферттер есебінен облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы жүргізілуде. 2010 жылы 1425,0 млн. теңге бөлінді. 10 ай ішінде 18,6 шақырым инженерлік желілерді пайдалануға қосу қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін тағы 35 шақырым коммуникациялардың іске қосылуы қамтамасыз етілетін болады.