2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Исмагулов Камеш Исмагулович 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар қалада қандай нәтижелер көрсетуде?

Администратор 25.11.2010

Ең басты мақсатымыз – ол, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылғандай, Республика бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың саның 30 %-ға жеткізу болып табылады. Бұл бағытта облысымызда бірқатар нақты шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда: - салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 40 мыңдай адамның қатысуымен жыл сайын 1600-ден астам спорттық іс-шаралар өткізіледі. - Орал қаласында дәстүрлі түрде түрлі дәрежедегі спорттық жарыстар өткізілуде. Орал қаласының спортшылары және құрама командалары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз атанды. Қаламызда Республика көлемінде алғашқы болып «Намыс» спорт клубы ашылып отыр. Кәсіпорынның мақсаты Орал қаласы аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы бұқаралық-спорттық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, ұлттық спорт түрлерін дамыту болып табылады. Аталған спорт клубының теңгерімінде 10 спорт алаңдары бар және барлық қажетті жазғы-қысқы спорт құралдарымен қамтамасыз етілген. Қыс мезгілінде осы спорт алаңдарында спорт құралдарын жалға беру пункттері ұйымдастырылып, қала тұрғындарының үлкен сұранысына ие болып отыр. Бұл жерлерде балалар спорт мектептерінің, аула клубтарының тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған отбасылар балалары мен мүгедек балаларға спорт құралдары тегін беріледі.