2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

самиев талгат 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы! Бізді толғандырып отырған мәселе, ол аудан орталығын сумен қамту. Полтава селолық округіне қарасты, Ардақ нүктесінде мол жер асты су көзінің бар екендігі зерттелген. Сол жерден су құбырын тартуға қаржы қарастырып, үстіміздегі жылы іске қосылуына жағдай туғызуыңызды сұраймын. Шыңғырлау ауданының тұрғыны,зейнеткер,соғыс ардагері С.Ығылманов.

Администратор 26.11.2010

«Таза су» бағдарламасы бойынша ауданның бес селолық округі ауыз сумен қамтылды. Аудан орталығына су мәселесін шешу мақсатында Ақбұлақ және Полтава селолық округтерінің жерлері зерттеліп, қорытындысы бойынша Ардақ су кенішінің су көлемі аудан орталығының сұранысын артығымен өтейді деп анықталды. Бүгінгі күнге зерттеу жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Сонымен бірге зерттеуші мекеменің алғашқы мәліметтеріне сүйене отырып, техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға және сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындауға 18 млн.теңге көлемінде қаражат қарастырылды.Қазір сол жұмыстар жүргізілуде.