2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 24.11.2010
- 30.11.2010
- Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі
самиев талгат 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы!
Күз және көктем айларында Шыңғырлау-Ақсай бағытындағы автокөлік жолдарымен қатнасу қиын жағдайлар тұғызып келеді. Осы мәселені шешуде Республикалық бюджеттен қаржы бөлінуіне ат салысуыңызды сұраймын.
Шыңғырлау ауданының тұрғыны, зейнеткер, еңбек ардагері В.Кравченко
Администратор 26.11.2010
Ақсай-Шыңғырлау бағыты облыстық маңызы бар автожол. Автожолдың күрделі жөндеу жұмыстары «БҚО бойынша 2010-2013 жылдары республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын ең маңызда жергілікті бюджеттік жобалар тізіміне» сәйкес жүргізіледі. Аталған бағытта 51-60км, 60-69 км учаскелерінде жобалық сметалық құжаттамаға және республикалық бюджеттен қаржының бөлінуіне сәйкес күрделі жөндеу жүргізілуде. 2008-2010 жылдарға республикалық бюджеттен 570,9 млн. теңге бөлініп, осы қаржыға 8 км (51-53 км және 63 - 69 км) қашықтыққа күрделі жөндеу жүргізілді. Келесі 2011 жылға республикалық бюджеттен 436,669 млн. теңге бөлініп, осы учаскеде жөндеу жұмыстары жалғастырылу көзделіп отыр. Жоспар бойынша 2014 жылға дейін аталған автожолда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталу керек.