Қостанай облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 24 қыркүйектегі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 24 құркүйекте Елбасының сол жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық көтеріліс Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауының жүзеге асыру барысы атты тақырыбына Қостанай облыс тұрғындарының қатысумен облыс әкімі Сергей Виктрович Кулагин өткізетін интернет-конференциясы. Сол жылдың 28 құркүйегінде «электронды үкімет» Порталында сұрақтарға бүкіл жауаптар жариялынады.
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 26
- 24.09.2010
- 24.09.2010
- Акимат Костанайской области
Гүлбаршын Қасымжанқыз Құдайбергенова 24.09.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті, Сергей Витальевич. Мен Гүлбаршын Қасымжанқызы Әулиекөл ауданы, Калинин ауылы тұрғындарының атынан сізге өтініш жолдаймын. Осы Калинин ауылындағы мед.пункттың ғимраты әбден ескіріп, құлап қалғаннан кейін оны мектеп ғимратының ішіне ауыстырған еді. Енді тұмау не басқа да жұқпалы ауру тараған кезде мед.пунктты жауып тастап, оған науқас адамдарды кіргізбейді. Балалар арасында жұқпалы індет жайылып кетпесін деген қауіппен істейді. Мұнысы дұрыс та шығар. Бірақ, ауру-сырқау адамдар сол кезде дәрігерді іздеп сабылып жүргені. Осыған орай, Калинин ауылына жеке ғимараты бар мед.пункт салынса екен деп өтінеміз. Әрі бұл ауылға аудан орталығынан қатынайтын жолдың сапасы нашар. Бұған да көңіл аударсаңыз.
Әуликөл ауданы Калинин ауылы, Әулиекөл ауданы орталығынан 18 км жерде. Мед пункт мектеп ішінде орналасқан. Ауылға бір бөлек Мед. Пункт ашып берсе.
Гүлбаршын Қасымжанқыз Құдайбергенова
Администратор 28.09.2010
Құрметті Гүлбаршын Қасымжанқызы! Шынында, Калинин селосында медициналық пункт бөлек ғимаратта орналасқан. Ғимарат 1980 жылы салынған, сондықтан жөндеу жүргізу қажет. Медициналық пункте барлық қажетті медициналық жабдықтар, қатты және жұмсақ керек-жарақтар бар. Қазан айында медициналық пункте жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жоғары санатты фельдшер Т. К. Асанова үнемі қабылдау жүргізеді, үйге барып емдейді. Калинин селосынан Новонежинка селосына дейін ара қашықтағы ұзындығы 18 км жол ішкі шаруашылық жолы болып табылады. Әулиекөл ауданының әкіміне осы жолды қанағаттандырылған күйде ұстауға тиісті тапсырма берілді.