«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Малдыбаева Алтынай 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Соңғы уақытта «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы жиі айтылып жүр. Осыған байланысты ауылға қызмет істеуге барған қандай сала мамандарына мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі?
Администратор 11.06.2010
«Дипломмен-ауылға» бастамасы ел экономикасының күретамыры – ауыл шаруашылығын дамытуға арналған маңызды шаралардың бірі. Бағдарламаға сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған. Оларға мемлекет тарапынан 70 АЕК (98910 теңге) мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдемақы, 630 АЕК-тен (890190 теңге) аспайтын сомада 15 жыл мерзімге, 0,01 пайызбен бюджеттік несие беріледі және жалақысына қосымша 25 пайыз үстемеақы төлеу қарастырылған. Бұған қоса, жергілікті бюджет есебінен ауылдық жерге жіберілген 50 медицина және фармацевтика қызметкерлеріне 1 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. 2009 жылы облыс бойынша 487 жас маман ауылдарға жұмысқа тартылған. Аталған бағдарлама бойынша ауылдық жерге барғысы келген әр маман әр ауданда аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы органға жолығып, бұл мәселелер бойынша кеңес алуына болады.