«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Жолмағанбетов Аманжол 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Болатбек Баянұлы! «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасының ІІ кезеңі бойынша облыста қандай жұмыстар атқарылады?
Администратор 11.06.2010
Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1500,0 мың АҚШ доллары бөлініп, Нидерланды елінің Arcadis Euroconsult, Данияның DHI Water & Environment, Ұлыбританияның Jacobs – Babtie компанияларының Ассоцияциялары және Казгипроводхоз институты осы жобаны әзірлеуде. Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңіне еніп отыған Солтүстік Арал теңізінің Сарышығанақ бұғазында құрылыстар кешенін салу компонентінің орнына Көкарал плотинасының алдына жиналатын су деңгейін Балтық системасы бойынша 50 метр деңгейіне көтеру жұмыстарын енгізуді әлі де жан-жақты зерттеп көру қажет. Өйткені, Сарышығанақ бұғазында құрылыстар кешенін салу компоненті бойынша салынатын құрлыстарды эксплуатациялық ұстап тұру шығындары экономикалық жағынан тиімсіз деп ойлаймыз. Осыған сәйкес жобаның екінші кезеңін іске асыруға байланысты ұсыныстар енгізу бойынша бүгінгі күні облыста тиісті сала және ғылыми-зерттеу орындарының мамандарынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, жан - жақты зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы «САРАТС-2» жобасының іске асырылуы мерзімінің ұзақтығы 5-6 жыл құрайды.