«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 11.06.2010
  • 11.06.2010
  • Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

Рысбек Әшімов 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Болатбек Баянұлы! Сіздің Арал балықшыларының дәстүрлі еңбегін қайта қалпына келтіруге күш салып жатқандығыңыз үшін үлкен алғысызымызды білдіреміз. Енді осы жұмыстардың жалғасы Арал балықшылары музейінің ашылу мәселесі қолға алына ма?

Администратор 11.06.2010

Қазіргі таңда Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғимараты қазіргі таңда апатты жағдайда тұр. Осыған байланысты аудан орталығында кешенді ғимарат салу, оған аудандық музей және аудандық балалар кітапханасы орналастырылады деп жоспарланып отыр. Арал өңірі балықшыларының еңбегін келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру үшін жаңадан салынатын ғимарат ішінен Арал балықшыларына арналған бөлім жұмыс жасайтын болады. Бүгінде музейдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Осы игі істердің жүзеге асырылуы үшін демеушілік көздерінен қаржы қарастырылуда.