«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Нұржақыпов Әділ 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:
Әлеуметтік аурулар санатына туберкулезді, қатерлі ісіктер, жүрек қан тамырлары ауруларын жатқызып жүрміз. Бұл науқастардың облысымызға тәндігін қолайсыз табиғи зардаптарға жатқызуға бола ма?
Администратор 08.12.2010
Халық денсаулығын жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, әлеуметтік аурулардың біздің облысымызға тән мінездемесі бар дегенге келісуге болмайды. Бұл аурулардың өршуіне Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымдары да, әлем дәрігерлері де алаңдаулы. Жалпы, халық денсаулығын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, өңірлік «Әлеумет» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен 480,6 млн. тг. игерілсе, республикалық бюджеттен қаралған 98,7 млн. теңгенің 95,9 млн. теңгесіне (97,8 пайызы) туберкулезге қарсы дәрілер сатып алынды. Сонымен қатар, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің зертханасы жаңа ғимаратқа көшіріліп, заманауи қондырғы «Бактек» іске қосылды. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыстағы туберкулез дертінің індеттік көрсеткіштері төмендеді. 2009 жылдың желтоқсан айында облыстық медицина орталығының базасында кардиохирургиялық орталық ашылды. 2010 жылдың 11 айында кардиологиялық орталықта 2491 науқас емделіп шықса, 480 науқасқа коронарографиялық тексеру, 181 – науқасқа стент қойылды, 39 туа біткен жүрек ақаулары бар науқастарға ота жасалған. Қан-тамыр ауруларынан аурушандық көрсеткішінің 100 мың халыққа шаққанда 2009 жылы 1821,8-ден 1637,9-ға дейін төмендеуі байқалады. Қатерлі ісік ауруларының турасында да осындай көрсеткіштерді келтіруге болады. Дегенмен, облысымыздың экологиялық аймаққа жататындығы мәлім. Бірақ, дүниежүзілік ақпарат деректеріне сүйенер болсақ, табиғи зардаптардың әсерінен деген мәліметті жоққа шығарамыз.