«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Тәппетова Айдана 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:
Жұмыспен қамту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда. Жалпы жастар тәжірибесі бағдарламасы алдағы жылы жалғасын табады ма?
Администратор 08.12.2010
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын жүзеге асыру және еліміздің әлеуметтік саясатын одан әрі қалыптастыруда белгіленген тақырыптардың бірі, ол – еңбек нарығы. Жыл басынан облыс бойынша 13956 жаңа жұмыс орындары ашылды, 21849 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға – 7239 адам, кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына – 1920 адам тартылды, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1948 адам және жастар тәжірибесіне – 3342 адам орналастырылды. Жұмыс берушілермен кездесу мүмкіндігі кеңейтіліп, әр айдың бірінші сәрсенбісінде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері» өткізіледі. Сонымен қатар, «Жол картасы» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Барлығы 137 жоба инвестициялық төрт бағытпен жүргізіліп, 5339 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жастар тәжірибесін кеңейту және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 480,0 млн. теңге жоспарланған болса, есепті кезеңге 95 пайызға игеріліп, 5290 адам жұмысқа орналасты. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрап жыл басымен салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеді. Алдағы жылы жастар тәжірибесін кеңейту мәселесі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жоспарланатын болады.