«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Н.Жүндабеков 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Соңғы жылдары төрт түлік малдың басының көбеюіне орай елді мекендердің айналасындағы жайылымдық жерлер үздіксіз пайдаланғандықтан тоза бастады. Осыған байланысты бос жатқан бұрынғы жайылымдық жерлерді, Яғни, Қарақұм», «Қызылқұм», «Арысқұм» «Сары су» және «Қаратау» беткейлерін пайдаланудың жолдары қарастырылса?
Администратор 11.06.2010
Қойылып отырған сұрақ өте маңызды. Алдағы уақытта осы жайылымдық жерлерді беткейлерін игеру мақсатында, 2009 жылы шалғайдағы жайылымдық жерлерге, бұрынғы скважиналар мен шахталы құдықтарға түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін 52,0 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп түгендеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 11835,0 мың гектар жер көлемі зерттеліп, суландырылған жайылымдық жердің нақты көлемі 6987 мың гектар болды. Алдағы уақытта бұл жайылымдықтарды суландыратын су қондырғыларын тиімді пайдалану мақсатында суландыру қондырғыларын Республикалық меншікке өткізіп жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан, бүгінгі күні осы бағыттағы жұмыстар қолға алынуда.