ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

М. БЕКЕТОВ. 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жолдауда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік тасымал дәлізіне 3 млрд. долларға жуық көлемдегі инвестиция тартуға қатысты мәселелер шешімін тапты деп айтылды. Аталған магистраль облыс аумағы арқылы өте ме?

Администратор 31.03.2010

Иә, аталған автомагистраль Алматы облысы аумағы бойынша да өтеді. Жоба жүзеге асыру 2010 жылы басталатын нысандар тізіміне енгізілді. Аталған жоба аясында Алматы облысы бойынша ұзындығы 301 шақырым болатын «Алматы – Қорғас» автожолының бөліктерін қайта төсеу және салу құрылысы белгіленген. Жобаның бөліктерін орындау, оның ішінде автожолдың аталған бөлігін жүзеге асыру концессиондық негізде жоспарланған.