«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Иманахметова Айнұр 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Облыстағы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі таңда қалай шешілуде?
Администратор 11.06.2010
2010 жылы қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына облыс бойынша экологиялық тепе-теңдігін сақтау, елді мекендерге аяқ су жеткізу және көлдерді, жайылымдықтар мен шабындықтарды суландыру үшін 304902 мың теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде ұзындығы 134,66 км құрайтын 20 каналдар және 9 гидроқұрылыс жөндеуден өткізіледі, сонымен бірге өздігінен су бармайтын елді мекендерді аяқсумен қамтамасыз ету үшін 2 насос қондырғылары сатып алынатын болады деп жоспарланған. Аталған жұмыстар толық орындалған жағдайда 12650 қожалықтың үй іргелік жерлеріне аяқсу жеткізіледі, оның көлемі 1950 гектарды құрайды. Сонымен қатар 20238 гектар шабындықтар мен жайылымдықтар суландырылады, су айдыны 3810 гектарды құрайтын көлдерге су құйылады. Қазіргі таңда 29 су нысандарын қалпына келтіру үшін мердігерлермен келісім шарттар жасалды. 18 су нысандары қалпына келтірілді (12 канал, 6 су тоспасы), қалған су нысандары маусым айының 20 дейін аяқталады деп жоспарлануда.