«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 11.06.2010
  • 11.06.2010
  • Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

Нүрия Есенбекова 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасы тапсырмасына сәйкес балабақшалар мәселесі кеңінен қолдау табуда. Осыған орай, біздің Шиелі ауданында балалар бақшасын ашу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Администратор 11.06.2010

Ауданда 2009 жылы 2 жеке балалар бақшасы, 2 мектеп (№181, №241) жанынан шағын орталықтар ашылды, Шиелі кентінен 90 орындық типтік жобадағы балалар бақшасының құрылысы аяқталды. Үстіміздегі жылы тағы 2 жеке балабақша ашылып, бүгінгі таңда ауданда 20 балалар бақшасы, 2 шағын орталық жұмыс істейді. Кезінде Ақмая ауылының Құлахметов Есенәлі есімді азамат бұрынғы балабақша ғимаратын өзіне тұрғын үй ретінде жекешелендірген болса, енді оны мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жасалып жатыр. Аталмыш балабақша аудандық білім бөлімінің баланысына беріледі.