2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 24.11.2010
- 30.11.2010
- Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі
Каримов Төлеуәлі Рысқұлұлы 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы!
Биылғы жылы аудан бойынша жауын-шашынның болмауына байланысты ауданымызда қуаншылық болып, мал азығын жинақтауда тұрғындарға қиындық келтірілді. Елбасымыз өзінің "Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-сонда болмаған көмек көрсетілді деген болатын. Осыған байланысты аудан тұрғындарына мал азығын жинақтауда облыстық көлемде көмек бола ма?
Администратор 24.11.2010
Агроөнеркәсіптік кешенге бірнеше бағдарлама бойынша субсидиялар бөлініп келеді. Биылғы қуаншылық жылына байланысты ауыл шаруашылық құрылымдарына ірі қара малының аналығын сақтап қалу мақсатында Үкімет резервінен әр аналық сиырға 11 415 теңгеден субсидия бөлініп отыр. Сіздің аудан бойынша 36 шаруа қожалығының 1 277 бас сиырына 14 млн 576 мың 955 теңге көлемінде субсидия берілді. Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы Қаратөбе ауданына мал азығын жинақтауға көмек ретінде 8 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді.