2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Баянова Айнагүл Зайреденқызы 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жол картасы бағдарламасының негізгі бағыттары ауданымызда қалай жүзеге асуда? Қандай жобаларға негізгі қаржы жұмсалды

Администратор 24.11.2010

Сіздің ауданда «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік 138 жұмыс орындары ашылды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 68 түлектер жіберілді. Бұл екі бағдарламаны жүзеге асыруға 18 млн. теңге бөлінді. Аудан бойынша ағымдағы жылы 12 жоспарланған инвестицияалық жобаға, соның ішінде: - 2 білім беру саласына, - 4 мәдениет саласына, - 1 су құбыры құрылысына, - 3 кәріз жүйелері құрылысына, - 2 электрмен қамтамасыз ету желілері құрылысына күрделі жөндеу жүргізілді. Барлығы, жоба аясында аудан бойынша - 436 жұмыс орны ашылды. «Жол картасы» жобасын жүзеге асыруға қатысып, аяқтаған 366 адамның: - 105 адамға тұрақты жұмысқа орналасуға қол ұшы берілді; - 5 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды; - 8 адам қайта дайындауға жіберілді.