2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Рахматуллин Жеткен Қарашұлы 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қала және қалаға жақын орналасқан ауылдар тұрғындары көкөніс өнімдерімен қалай қамтамасыз етілуде?

Администратор 24.11.2010

2009 жылы Орал қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан Зеленов ауданы Махамбет ауылында «Алтын болашақ» шаруа қожалығы инвестициялық жоба бойынша жылыжай салып, жұмысын бастады. Бұл жылыжай өнімдері аудан және қала халқын қамтамасыз етеді. 2011 жылы облыс орталығы маңындағы Достық және Трекин ауылдарында жылыжай құрылыстары аяқталып, іске қосу жоспарлануда. Аталған жылыжайлар қала және қалаға жақын орналасқан ауылдар тұрғындарын әртүрлі көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз етуі тиіс.