2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Абельбасов Пазыл Жәмелұлы 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасының биылғы Жолдауында ұсынылған Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы бойынша аудандарда қандай жұмыстар атқарылуда?

Администратор 24.11.2010

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Бизнестің жол картасы - 2020» республикалық бағдарламасына сәйкес, аудандарда «Бизнестің жол картасы - 2020» республикалық бағдарламасы жөніндегі Үйлестіру кеңестері құрылды және оның ережесі бекітілді. «Бизнестің жол картасы - 2020» республикалық бағдарламасын аудан кәсіпкерлеріне жете түсіндіру мақсатында ақпараттық бұқаралық құралдарында материалдар жарияланды және әдістемелік құралдар шығарылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 13 сәуіріндегі №301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру бағытында кәсіпкерлер форумы, семинар-кеңестер өткізілді. Бүгінгі таңда арнайы құрылған аудандық комиссиялар ең өзекті деген жобаларды анықтау бойынша жұмыстануда. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.