2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Хабиев Ерболат Боланайұлы 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ауданның елді мекендерін таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса ма?

Администратор 25.11.2010

Сіздің ауданда 2010 жылы Калинин ауылындағы су құбыры жүйесіне және Щапов, Үлкен Шаған ауылдарындағы кәріз жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізілді. 2011 жылы Погадаев және Достық ауылдарындағы су құбырлары жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында елді мекендерді таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табады.