2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 24.11.2010
  • 30.11.2010
  • Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі

Тұрарбеков Қуандық 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына айтылған тапсырмаға сай кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен Жаңақала ауданында қандай жұмыс орындары ашылуда?

Администратор 26.11.2010

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда көптеген жұмыстар атқарылды. Биыл Жаңақала ауданында іске қосылған «Ерхан» шаруа қожалығының (Е.Апахаев) жылыжайы мен «Хафиз» шаруа қожалығының (Б.Жағыпаров) 25- орындық қоғамдық моншасы пайдалануға берілді. Аудандағы шағын кәсіпкерлердің нысандарына 67 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасты. Жыл аяғына дейін іске қосылатын «С.Сүндетқалиев» шаруа қожалығының шағын қасапханасы инвестициялық жобасы да бұл көрсеткішті жақсарта түсетіні сөзсіз. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау көрсету мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Т.Жакашев» ШҚ селекция жұмыстарын жүргізуге – 5 млн. теңге, «Е.Ибрашев» ШҚ кафе құрылысына – 2,5 млн. теңге, «Қарақат» ЖК (Е.Сахипов) автокөлік жөндеу станциясын жұмысын жандандыруға - 1800 мың теңге, «С.Кабдиров» ШҚ сүт өнімдерін шығаруға – 1100 мың теңге несие берілді.