Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Алуадинова Жемис Есенкызы 07.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсізба Қырымбек Елеуұлы! Сізге Ақтау қаласынан хат жолдап отырмын. Мен, Алуадинова Жеміс Есенқызы 1982 жылы туылғанмын. Отбасымда жолдасым, 3 сәбиім бар. 2007 жылдан бері үлкен ұлымның табанының астынан жара пайда болып екі табанынанда ол келе келе ұлғайып тіпті кей күндері аяғынан басып жүре алмайда қалды. Алғашқы қойған диагнозы «Кератодермия ладоней и подошв» бойынша 2009 жылы Алматыда квотамен емделіп келдік. Емін алғанда жаксы болады бірақ кетпейді. 2010 жылыда Алматыға квотамен «Псориаз обыкновенный, с преимущественным поражением ладоней и подошв» диагнозы бойынша емделіп келдік. Сондада толықтай жазылмайды, біраз уақыт өткен сон қайтадан жарасы қабыршақтанып аяғын баса алмайтындай жағдайға жетеді. Қазіргі таңда жасы 6 да, жасы өсіп балам өскен сайын салмағы көбейген сайын аяғын баса алмай қалама деп қорқамын. Басқа елге апарап емдетуге болама ол үшін қаражат бөлінеме? Өзім мұғаліммін қазір 10 айлық баламмен үйде отырым, тек жолдасым ғана жұмыс жасайды. Ақтау қаласы, 5-18-39; тел 522288; 87011398630
Администратор 21.06.2010
Құрметті Жеміс Есенқызы! Дәрігерлердің айтуынша, тұңғышыңыздың дерті емдеп, жазуға болатын ауру түріне жатады. Ол үшін мамандардың ақыл-кеңесін бұлжытпай орындау қажет. Алматы қаласындағы тері-венерология ғылыми-зерттеу институты мамандары ұлыңызды жергілікті мамандарға үнемі қаратып, шама келсе «Ыстық көл» және «Алакөл» шипажайларында оңалту емін алуға нұсқаулар берген екен. Қазіргі таңда Ресейде Томск қаласындағы «Астрофарм» фирмасы шығаратын псориазды емдеуде жақсы нәтиже беріп жүрген «Картамен» атты дәрі қолданыла бастады. Осы дәрі «Ақтөбе-фармцентрдің» сертификациялық лабораториясында зерттеуден өткен соң, қолданылуға ұсынылады. Өкінішке орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының шет елдер клиникаларына жолдама беретін мүмкіндігі жоқ. Балаңызды жүйелі бақылауға алып, ем көрсету Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері Ж.Күнтуғановқа жүктелді. 50-14-33 телефоны арқылы маманмен хабарласуыңызға болады. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев