ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Жадыра Болатқызы 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

біз 2004 жылы Алматы қаласына кредиттік негізде оқуға түстік. Елбасымыздың қолдауымен кредиттік төлеммен оқуға түскендер грантка ауыстырылды. Бірақ бітірген жылы қолымзға "извещение" берілді, яғни 1курсымыз үшін 125 000 теңге көлемінде оқу ақысын төлеу туралы. бұл жерде біріншіден әркімде әр түрлі сумма, екіншіден кейбіреулеріне "извещение" берілген жоқ. төлеу мерзімі 11 жыл... осы тұрғыда нақты ақпарат берсеңіздер. Елбасымыздың сол уақытта айтқан сөзі, я болмаса жарлығы бар ма? грантқа ауыстырылып, төлем жасалмайды дегенді естіп едік... әлде бұл университеттің шығарғаны ма? төлер болсақ жұмысқа тұрғызу керек емес па? жұмыссыздар оны қалай төлемек?