2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
2010 жылғы 24-ші қарашаның күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 24.11.2010
- 30.11.2010
- Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі
Есмағұлов Марат 24.11.2010, Сұрақ нөмірі:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» атты Жолдауында халық денсаулығы – ол Қазақ¬стан¬ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі делінген. Сол мақсатта ауданда бұқаралық спортты дамыту үшін және 30%-ға дейінгі аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін қандай шаралар алынуда?
Администратор 29.11.2010
Ауданда бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлінуде. Аудандық спорт кешені, орталық стадион, балаларға арналған спорт алаңдары, барлық мектептердегі спорт залдары осы саланы дамытуға жұмыс істеуде. Бұл бағытта спортшылардың табыстары да аз емес. Жалпы, жұртшылықтың спортқа деген ынта–ықыласы да күшеюде. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі мен аудандық жасөспірімдегер арналған спорт мектебі, әрбір ауылдық округтар мен жалпы білім беретін мектептер базаларында әр аптаның бейсенбі күнін «Денсаулық және спорт күні»-деп белгілеп, осы күні спорттың көптеген түрлерінен спорттық шаралар өткізілуде. Аудандық спорт кешенінде спорт үйірмелері түұрақты жұмыс жасайды. Сонымен бірге ауданда дені сау ұрпақ тәрбиелеу және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Сау ұрпақ» атты жоба дайындалды.