ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Махимов Аширгали Досханович 27.11.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Алматы облысы, Талғар ауданынан құрлысы жоқ, 0,12 га., саяжай жер учаскесін ғана, нотариуспен сату-сатып алу шарты арқылы 150 000 теңгеге бағалап сатып алдым. Қазіргі уақытта жер учаскесі өз иелігімде. Айналасын қоршап қойғанмын. Алайда ол жерге ешқандай қатысы жоқ өзге біреу, біздің арамызда болған сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз беріпті (жерді маған сатқан адам емес, өзге адам). Содан мен сату-сатып алу шартын жарамды деп тануларын сұрап сотқа қарсы талап арыз жаздым. Жер учаскесі өз иелігімде болған себепті, мен соттан ешқандай мүлік талап етіп отырған жоқпын, тек қана сату-сатып алу шартын ғана жарамды деп тануларын сұрап талап арыз жаздым. 1. Осы жағдайда менің жазған қарсы талап арызым мүліктік дау болып саналады ма, әлде мүліктік емес дау болып саналады ма? 2. Осы жағдайда менің қарсы талап арыз жазғаным үшін сотқа қандай мөлшерде баж салығын төлеуім керек яғни, қанша теңге көлемінде сотқа баж салығын төлеуім керек? Осы сұрағымыма жауап жазып жіберуіңізді өтінемін. Алдын ала алғысымды білдіремін.