Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетов мырзаның қатысуымен «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өтеді

2010 жылғы 5-ші сәуір күні Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» (www.e.gov.kz) порталында Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетов мырзаның қатысуымен интернет конференция өтеді. Интернет конференция тақырыбы: «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы»

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 13
  • 05.04.2010
  • 05.04.2010
  • Астана қаласының әкімдігі

Жанар 05.04.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе Иманғали Нұрғалиұлы! Біз Бөгенбай даңғылының сол жағындағы (бұрыңғы Неміс поселкасына қарсы орналасқан) 12-37 көшеcінде тұрамыз.Көктемде және күзде батпақтан көз аша алмай келе жатқанымызды бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Жұмысқа, балалардың сабаққа баруы қиындық тудыруда. Осы көшемізге қашан жол салынады?

Администратор 08.04.2010

- Жанар, Астана қаласын дамытудың бекітілген Көлік стратегиясына сәйкес Бөгенбай батыр даңғылының сол жағындағы 12-37 көше 2011 жылғы жұмыс жоспарына енгізілген.