Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 23.04.2010
  • 10.05.2010
  • Акимат Мангистауской области

Юсупов Рустем Орынбаевич 06.05.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассалаумағалейкум.Мен 2003 жылы Жетібай кентіне арнайы шақыртумен келген оралманмын,№8 мектепте жұбайым екеуіміз де мұғалімбіз,жоғары білімдіміз,аудан,облыстық бірнеше сайыс жеңімпаздарымыз.3 балам,зейнеткер анам барлығымыз 1 бөлмелі пәтерде тұрамыз,өте қиын болып тұр.Тұрғын үй салуға немесе сатып алуға облыстық көлемде қандай көмектер бере аласыздар?

Администратор 28.06.2010

Құрметті Рүстем Орынбайұлы! Сіз 2004 жылдан бері жергілікті жеріңіз бойынша тұрғын үй кезегінде тұр екенсіз. Алдағы уақытта кезегіңізге сай Жетібай кентінен бюджеттік қызметкерлерге салынатын үйден пәтермен қамтамасыз етілетін боласыз. Отбасыңызға амандық, еңбегіңізге жеміс тілеймін. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев