«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 11.06.2010
  • 11.06.2010
  • Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

Айнұр Қоңырбайқызы 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Болатбек аға, биыл «Жол картасы» бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Администратор 11.06.2010

Өздеріңізге белгілі, өткен жылы «Жол картасы» бағдарламасының аясында көптеген жобалар іске асырылып, өңір экономикасының дамуына оң септігін тигізген болатын. Бағдарлама үстіміздегі жылы да жалғасуда. Жалпы, 2010 жылы облысымызда “Жол картасы” бағдарламасын іске асыруға 6 млрд.теңге қаралған. Оның аясында 4 инвестициялық бағыт бойынша 128 жоба жүзеге асырып, 5291 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, тұрғындардың нысаналы топтары үшін 1500 әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, 2500 оқу орындарын бітірген жастарымыз тәжірибе алуға мүмкіндік алады. Мамандарды кәсіби даярлау және қайта даярлау бағыты бойынша 5290 адам дайындалатын болады.