2008 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен облыс әкімдіктері, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің нысандарды 2008-2009 оқу жылына әзірлеу және жылыту маусымына байланысты жүргізілетін дайындық жұмыстары туралы жедел ақпараттандыру мақсатында 2008 жылғы қазанның 10-ы мен желтоқсанның 1-і аралығында «Электрондық үкімет» Порталында 2008 жылғы жылыту маусымы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 80
  • Жауаптар: 23
  • 10.10.2008
  • 01.12.2008
  • Министерство энергетики и минеральных ресурсов

Атырау-1 молтек аудан тургындары 20.10.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Атырау каласы, Атырау-1 молтек ауданында жол маселеси кашан шешиледи?! Бул молтек ауданда куздин жанбырлы кундери жане кыстын карлы кундери журуге мумкиндик жок! Кошеде типти жарык шамдары да жок, ал халык болса кешке жумысынан, окушы-студенттер оку орындарынан азер жетеди! Тагы бир маселе бул жолаушылар тасымалдау коликтери! Танертенгилик жумыска кешигемиз, ал кешке бул коликтер ерте токтап калады! Неге жии журип жане де сагат 21.00 ге дейин журмеске???... Осы маселелерди карастыруынызды сураймын. Осы молтек ауданннын тургындары.

Администратор 03.11.2008

Атырау қаласының Атырау-1 мөлтік ауданында жол мәселесі шешілген, жақында пайдалануға берілді. Ал көшеге жарық беру және жолаушылар тасымал мәселесімен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.тел.8 (7122) 25-03-77