ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ
Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.
- Сұрақтар: 1531
- Жауаптар: 45
- 16.02.2009
- 31.12.2010
- ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі
Жадыра Болатқызы 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіздер! менің сұрағым, халықты әлеуметтік қорғау мен қолдау аясында көрсетілетін жәрдемақыларды алу жөнінде болмақ. жәрдемақыны алу үшін шартты нәрсе - баспанаңның болуы. алайда бір баспанада 2, тіпті 3 отбасыға дейін тұрып жатқан жағдайлар кездеседі. сонда олар баспанам жоқ деп үкімет тарапынан ешқандай көмек алмай ма? ал баспана алуға жағдайлары биыл, тіпті 10 жылдың ішінде жағдайлары келмесе ше? сонда өлместің күнін көріп жүре бермек пе? Еліміздің өсіп - өркендеуінің кепілі - халық, басты байлығы - адам болса, қандастарымыздың көштен қалып қоймауына қолдау көрсету керек сияқты.. осы тұрғыда заңдылықтарын білсем деймін..
көп балалы отбасылардың балаларының кәмелеттік жастан кейінгі жағдайы, өмір сүру деңгейі қадағалана ма?