«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Дәрібаев Анапия 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:
Еліміздің бірқатар аумақтарында агроөнеркәсіп кешені саласында ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар енгізу жұмыстары қолға алынып жатыр. Бұл бағытта біздің өңірімізде қандай шаралар атқарылуда?
Администратор 08.12.2010
Үстіміздегі жылы агроөнеркәсіп кешені саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын ашу және оларды озық технологиялармен жабдықтау бағытында біршама ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап өтетін болсақ, үстіміздегі жылдың шілде айында Қызылорда қаласында қуаттылығы тәулігіне 30 тн нан өнімдерін шығаратын нан зауыты іске қосылғанын өздеріңіз белесіздер. Аталған зауыт Швеция елінің нан пісіру жабдықтарымен жабдықталды. Қазалы ауданында «Рза» АҚ-ы «Болашақта 1200 бас ірі қара басқа ұлғайтылатын 660 бас мүйізді ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасын салу» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның алғашқы сатысы жүзеге асқанда жылына 5,5 мың тонна сүт өндірілетін болса, екінші кезең жүзе асырылғанда жылына 11 мың тонна сүт өнімдері шығарылатын болады. Әрбір сиырдан сауылатын сүт көлемін арттыру мақсатында Венгрия елінен голштино-фриз тұқымды 660 бас мүйізді ірі қара алынып келінді. Өндірілетін сүтті терең өңдеу және одан түрлі сүт өнімдерін шығару мақсатында кешен Германиялық сүт өңдеу қондырғыларымен жабдықталуда. Сондай-ақ, сүт зауыты келесі жылдың басында сүт өнімдерінің сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін ультрапастеризациялау қондырғыларымен жабдықталатын болады. Үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен кешенді мал бордақылау алаңы мен өсімдік майын шығару цехтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қызылорда қаласының төңірегінде шетелдік озық технологиялармен жабдықталатын кешенді жылыжайлар салу жолдары қарастырылуда.