ҚАРАГАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМШІЛІГІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ-ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗЕДІ

2010 жылғы 15-ші қазан күні Қарағанды облысының әкімі Ахметов Серік Нығметұлы Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет- конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 32
  • Жауаптар: 28
  • 15.10.2010
  • 15.10.2010
  • Қарағанды облысының әкімі Ахметов Серік Нығметұлы

Серикбол Билялов 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім, жаздың басында сүйікті қаламыздың ортасында жаңа мешіттің құрылысы басталғанына күә болып отырмыз. Бұл құрылыс қашан аяқталып, жаңа мешіт кай мезгілде бой көтереді?

Администратор 15.10.2010

Жаңа мешіт құрылысын 2011 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жаңадан салынып жатқан 2000 орындық діни ғимарат ең әсем, әрі рухани, мәдени ошақ болмақ.