Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Қармысова Рахия 25.04.2010, Сұрақ нөмірі:
Мен Ақтау қаласының тұрғыны Қармысова Рахия Байданқызы 1963 жылы Красноводск қаласында туылдым. 1979 жылы 10 жылдық мектепті бітірдім, 1981 жылы Красноводск қаласындағы Химиялық-технология техникумына түсіп, оны 1984 жылы бітіріп шықтым. Мамандығым «Мұнай және Газ» саласы бойынша техник-технолог. Сонымен айта кететін жай, 1991 жылы мен Ақтау қаласына өз еркіммен келдім. Содан бері мен Мұнай саласына МаңғыстауМұнайГаз-ға барып, жұмысқа тұра алмадым. Оның себебі елдің бәріне мәлім,
( менің онда не тумаласым, не байланысым жоқ ). Сол себептен мен үнемі бюджет саласында жұмысқа орналасуыма тура келді. Ал бюджет саласындағы жалақыны өзіңіз білесіз 18-20.000 теңге.
Ал мен болсам жалғыз басты анамын, бір ұл бала тәрбиелеп отырған «күй» наминациясы бойынша Қазақстан Республикасының Лауреаты атанған бала. Ол Нұрмағамбетов Сабыр.
Сонымен, 2009 жылы 13-қарашада мен Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға хат жолдаған болатынмын. Бұл хаттың негізгі мазмұны менің жоғарыда аталған Мұнай саласына кіре алмауым туралы болды. Бірақ бұл мәселе осы күнге дейін шешімін тапқан жоқ.
Ал, мен балам екеуіміз ( ұл бала ) 1-үйлік үйде тұрамыз. Осыны да ескеруіңізді сұраймын.
Осы мәселемді қарастырып, оң шешімін тауып беруіңізді өтінемін.
Ақтау қаласы
Қармысова Рахия Байданқызы
Администратор 03.06.2010
Құрметті Рахия Байданқызы! Сіздің өтінішіңіз «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінде қаралған. Мүмкіндігіне қарай қабылданатын шешім қосымша хабарланатын болады. Сабыржанның өнеріне табыс тілеймін. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев