Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді
2010 жылғы 15-ші қазан күні Павлодар облысының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 26
- Жауаптар: 21
- 15.10.2010
- 15.10.2010
- Павлодар облысы Әкімдігі
Манарханова Сәнімгүл Абрарқызы 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:
Мектептердегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы неге аз бөлінеді?
Администратор 15.10.2010
Бүгінгі күні нақты қажеттіліктерге сәйкес, білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасауға қаржы жеткіліксіз. Қаржы тек жергілікті бюджеттен ғана бөлінеді. 2010 жылы бұл мақсатта 110,7 млн. теңге бөлінсе, 2011 жылы қаражат көлемін 120 млн. теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Есесіне, мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге қомақты қаржы бөлінуде. Нақтырақ айтқанда, бөлінген қаражат білім беру мекемелерінің төбелерін, электрлік жабдықтауларын, кәріздерді, қас-беттерді, жылу жүйелерін жөндеуге бағытталып отыр. Мәселен биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы құны 731,9 млн. теңге бөлінді.