«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Піржанов Сапабек 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:
Биылғы жылдан бастап денсаулық сақтау саласы біріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне көшті. Аталған жүйе бойынша бірқатар емдеу ұйымдарының бюджеті республикаға қарады. Сіздің ойыңызша салаға көңіл бөлінбей қалған жоқ па?
Администратор 08.12.2010
Бұл ойдан мүлде аулақ болу керек және Біріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты. Бұл жүйе арқылы бірнеше жетістіктерге жетуге болады. Бірінші – науқастың таңдау құқығының сақталуы болса, екінші емделу нәтижелілігінің бағалануы. Сонда да болса, тұрғындар денсаулығын нығайту және денсаулық сақтау саласының ілгерілеуі мен материалдық-техникалық базасының жақсартылуы мақсатында 2010 жылы жергілікті бюджеттен 9164 млн.теңге, республикалық бюджеттен 3527,9 млн.теңге қаражат қаралған. Оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарын 19 санитарлық автокөлік сатып алынды. Бірқатар объектілерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сала кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауға қаражат қарастырылды. Бұл қаржылардың сыртында еңбек ақы мен түрлі шығыстардың бар екендігін ескерсеңіз, саланың бейтарап қалмағандығының куәсі боласыз.