«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 11.06.2010
- 11.06.2010
- Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция
Домалатов Темірбек 08.12.2010, Сұрақ нөмірі:
Облыс аумағында ауыз су проблемасы қашан өз шешімін таппақ?
Администратор 08.12.2010
«2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында қолданыстағы ауыз су құбырлары жаңартылып, 1000 шақырымнан астам су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы 218 мың адам тұрақты, сапалы ауыз суға қол жеткізілді. Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру мақсатында Республикалық деңгейдегі 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы әзірленді. Аталған бағдарламада жаңа құрылыс ережесіне сәйкес ауыз суды әрбір үйге дейін жеткізу, су еспетегіш құралдарын орнату, сонымен қатар эксплуатация мәселесі, су пайдалатын мекемелерді арнайы техникалармен жабдықтау қаралып отыр.