Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Даулетбаева Г. С. 07.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсізбе Қырымбек Елеуұлы! Ақтауда мүгедек балалар интернатының ашылғанын қалап, жан-жаққа арыз жазып 10 жылдай жүгіріп едім. Сіздерге көп-көп рахмет интернаттың ашылғанына 1 жылдай болып қалды. Балам қазір бұйыртса 15-ке келеді, интернат тек 18 жасқа дейін дейді. Сізден өтінетініміз: интернаттың жанынан 18 жастан-25 жасқа дейін балаларды жұмыс жасауға үйрететін немесе жұмыс жасайтын бір ұйым ашса дейміз. Осы өтінішімізді аяқсыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Алдын ала көп-көп рахмет!
Администратор 03.06.2010
Құрметті Даулетбаева ханым! Әрине, Сіздерді ата-ана ретінде балаларыңыздың кәмелетке толғаннан кейінгі жағдайы, олардың еңбекке бейімделуі жөніндегі мәселенің толғандыратынын түсінемін. Өкінішке орай, еліміздің қолданыстағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін заңнамаларында психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан адамдар үшін балалар психоневрологиялық интернат-үйінің жанынан арнайы бөлімшелердің (қамқорлықтағылардың еңбекке дағдылануына немесе жұмыс жасауына негізделген) ашылуы және қызмет етуі қарастырылмаған. Сондықтан, мәселені шешудің өзге жолдарын іздестірудің қажеттілігін түсініп, тиісті облыстық басқармаларға тапсырма берілгенін айтқым келеді. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев