«9 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының өңірде іске асырылуы бойынша интернет-конференция
«9 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының өңірде іске асырылуы бойынша интернет-конференция
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 16
- 09.06.2010
- 10.06.2010
- Жамбыл облысының әкімдігі
Айгуль 09.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қанат Алдабергенұлы!
Көп балалы ана ретінде мені Тараз қаласында бала-бақша жетіспеушілігі мәселесі мазалайды. Бұл өзекті проблема қашан шешіледі? 2010 жылы жаңа бала-бақшалар ашыла ма?
Администратор 09.06.2010
Тараз қаласындағы 28 мемлекеттік, 1 мемлекеттік емес балабақшалар мен 13 шағын орталықтарда 11523 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 64,4%-ды құрап отыр. 2010 жылы Тараз қаласында «Балапан» бағдарламасы бойынша 1020 орындық 4 балабақша және 675 орындық 10 шағын орталықтар ашу жоспарланса, оның ішінде «Қарасу» мөлтек ауданындағы 320 орындық балабақша жаңа құрылыс есебінен пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Тараз қаласынан мемлекеттік емес 150 орындық балабақша ашуға 2 кәсіпкер ниет білдіріп, оларды ашу барысында жұмыстар жүргізілуде. Жалпы алғанда, 2010 жылдың соңына дейін Тараз қаласында қосымша 1825 орындық 20 мектепке дейінгі мекеме ашылады деп күтілуде. Аталған мектепке дейінгі ұйымдар ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында пайдалануға беріледі. Дегенмен, жыл сайын мектепке дейінгі ұйымдар желісінің артуына қарамастан, балабақшаларға деген сұраныс азаймай отыр. Тараз қаласында балабақшаға жолдама алу үшін кезекте 8450 бала тұр. Ал, Тараз қаласында мектепке дейінгі ұйымдармен толық қамту 2015 жылға дейін шешімін табады.