«9 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының өңірде іске асырылуы бойынша интернет-конференция

- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 16
- 09.06.2010
- 10.06.2010
- Жамбыл облысының әкімдігі
Рустем 09.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Өткен жылдармен салыстырмалы түрде қарағанда электр қуаты бағасының өскені байқалады. Өзіміздің облыста орналасқан ГРЕС-тің жұмысын жандандырып, электр қуатының бағасын төмендетуге мүмкіндік бар ма?
Администратор 09.06.2010
Бір ауыз сөзбен айтсақ ондай мүмкіндік жоқ. Өйткені барлық электр қуатын өндіретін кәсіпорындар Қазақстан Үкіметінің 2009 жылдың 25 наурызындағы № 392 қаулысымен белгілеген, мүмкіндігінше рұқсат берілген (предельно допустимый) тарифпен жұмыс атқарады. Аталмыш қаулымен Жамбыл ГРЭС-і (газ және мазутпен жұмыс істейді) екінші топқа енгізіліп, 2010 жылға 1 кВт/сағат электр энергиясының бағасы 6,5 теңге болып белгілеген (ал Екібастұз ГРЭС-інің бағасы 4,68 теңге). Бұл баға 2011 жылы 6,9 теңгеге дейін көтерілмек (ал Екібастұз ГРЭС-інің бағасы 5,6 теңге). Дегенмен, Қазақстан – Қытай магистралдық газ құбырының құрылысы толық біткен кезде (жоспар бойынша 2012 жыл) Батыс Қазақстаннан Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ құбырымен өзіміздің газ тасымалданатын болады. Бағаны төмендету сол кезде Үкімет басшылығымен қарастырылады.