Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Каражанова Слухан 09.05.2010, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Каражанова Слухан, 2 топтағы мүгедекпін, жалғыз басты анамын. 2001 жылдың желтоқсанында балам екеуміз Түркменстаннан Актау қаласына қоныс аудардық, үй болмағасын апамның семьясымен бір пәтерде 3 жылдай тұрдық. 2003 жылы Ақтау қаласының әкімдігіне пәтер алуға кезекке тұрдым. Қазір 5 жыл болды баламның жұмыс жасайтын мекемесінің өндірістік базасының 1 бөлмесінде тұрып жатырмыз. Бұл жерде адам тұруға жағдай жок (ауыз су, газ, санузел), бөлменің қабырғалары көктеп жатыр. Осындай жағдайда мен бала келініммен және 2 кішкентай немерелеріммен өмір сүріп жатырмын. Пәтер мәселесі жөнінде қалалық әкімдікке де, депутаттарға да, "Нұр Отан" партиясының қабылдауында болдым, бірақ ешқандай нәтиже болған жоқ. Көрсетілген жағдайлар мені қатты қиналдырып жүр, оған қоса денсаулығым да жылдан жылға нашарлап бара жатыр, сондықтан Құрметті әкім осыларды ескеріп, пәтер алып беруге көмек көрсетуіңізді сұраймын.
Администратор 03.06.2010
Құрметті Сұлухан апай! Сіз Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын тобына жататын азаматтардың пәтер алу тізімінде 19.01.2004 жылғы арызыңыз бойынша №195 кезекте тұрсыз. Тұрмыс жағдайыңыздың ауырлығы түсінікті. Бірақ, өкінішке орай, кезектен тыс пәтер бөлуге болмайды. Қазақстан Республикасы «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 3-тармағына сәйкес аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең. Сондықтан, баспана мәселесі өз кезегінде ғана шешіледі. Ал үй құрылысына бір жыл сайын қаржыны бөлуді көбейтіп келеміз. "Сабыр түбі - сары алтын" демекші, құдай қаласа, Сіздің мәселеңіз де шешімін табады. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев