«Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттардың аймақта жүзеге асырылу барысы жөніндегі» Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 11.06.2010
  • 11.06.2010
  • Қызылорда облысы әкімі Б.Қуандықовпен Интернет-конференция

Ләззат Мәуленова 11.06.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазіргі уақытта республикамызда балалар шығармашылығына арналған түрлі байқау, фестивальдер жиі ұйымдастырылып келеді. Осы орайда балаларымызды өнер саласына баулып, оларға бағыт-бағдар беретін және осы байқауларға қатысу үшін репертуар таңдап, әндерінің сапалы жазылуына шығармашылық көмек көрсететін музыкалық орталық немесе студия жұмыс жасаса деген ойымыз бар

Администратор 11.06.2010

Талантты бүлдіршендердің облыс көлемінде ғана емес, республикамыздың барлық аймақтарында, алыс-жақын шет елдерде ұйымдастырылып отыратын конкурс, байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүргені баршамызға белгілі. Балалар шығармашылығын дамыту, ел арасындағы жас таланттарды табу, халыққа таныту, насихаттау мақсатында ағымдағы жылы облыстық мәдениет басқармасы жанынан балалар студиясы ашылды. Студияға арнайы 3 штат бірлігі беріліп, дыбыс жазу аппаратурасын алуға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Алдағы уақытта талантты өнерпаздарымыз осы студияда музыкалық білім алып, әндерін кәсіби деңгейде жаздыратын болады.