ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Мухтаров Руслан Куттыжолович 16.01.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассалаумағалейкум, менім сізге қояр сұрағым: Мен, Мухтаров Руслан Куттыжолович, 1968 жылы Орал облсы, Фурманов ауданы, Фурманов пос.туғанмын. (қазіргі Бат.Қаз.обл, Казталовка ауд, Жалпақтал ауылы). 1997 жылдың 21 ақпаныңда 76 ст, 2 бабымен ҚРҚК 5 жылға бас бостандығымнан айырылдым. 1999 жылы желтоқсан айында амнистиаға түсіп босап шықтым. Қазір Маңғыстау обл, Ақтау қаласында тұрамын, жанұялы, 3(үш) балам бар. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясында "зоолог" маманы болып жұмыс жасағаныма 10 жылдан асты. Өз істеген айыбымды өтеп келгеніме біраз жылдар өтті. Жақында Орал қаласының ЦПСИ дан сотталмағаны жөнінде анықтама сұратқам, бірақта баяғы сотталғаным жайлы шығып тұр. Сізден сұрайтыным менін сотталғандығымды қалай кетіре алам, ол үшін не істеуім және қандай құжаттар жинап қайда тапсыруым қажет. Рахмет!