Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.
2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 29
- Жауаптар: 29
- 23.04.2010
- 10.05.2010
- Акимат Мангистауской области
Шермаганбетова К.Н. 06.05.2010, Сұрақ нөмірі:
К .Е.Көшербаев мырзаға,
№ 3 орта мектеп мұғалімі
Шермағанбетова Күлшарат
Наришқызынан
Өтініш
Мен, өз өтінішім бойынша төмендегі жағдайымды білдіремін.
№3 орта мектепте 2006 жылдан бастап жұмыс жасаймын, мұғалімдік өтілім – 26 жыл. Ақтау қаласына 2006 жылы, жанұя жағдайыма байланысты Қызылорда облысынан қоныс аударып келдім.
Отбасымда 6 адам тұрады. Жолдасым - Қыдырбаев Қалжан қарапайым жұмысшы, 4 ұлымның үлкені Қыдырбаев Жасұлан, 1988 жылы туылғаннан бала 1-топтағы мүгедек, Кыдырбаев Дархан 1990 жылы туылған – студент, 2 - балам мектеп жасында.
2006 жылдан бастап Сарбатырова Галинаның 1-25-33 пәтерін жалдап келемін 4 жылдан бергі ай сайын алған еңбек ақымыз пәтерден артылмайды.
Мүгедек балам Қыдырбаев Жасұланды емдетуге дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік жағдайым көтермейді. Балам уақтылы емін алмаған соң денсаулығы төмендеп барады. Үйде отырған соң оның мүгедектігін ескеріп, мүгедектер күніне немесе басқа мерекелерде үкімет тарапынан ешқандай көмек берілмейді. Соған балам налыйды.
2009 жылдың шілде айында Қазақстан - Ақтау телевизиясынан «Үміт сәулесі» атты бағдарламадан тілшілер келіп сұхбат алып, теледидардан бірнеше рет көрсетті. Онда науқас баламен баспанасыз жүргенім айтылды. Ешбір азаматтың көмегі болмады.
2008 жылы Ақтау қалалық әкімшілікке баламның мүгедектігі жайлы құжаттар жинақтап, пәтер кезегіне тіркелдім.
Менің жоғарыдағы айтылған жағдайымды оқи отырып, пәтер алуга әлеуметтік жағдайым көтермегендіктен, 1 - топтағы баламның жағдайын ескере отырып, көп балалы ана ретінде, ұстаздық өтілімді ескеріп, кезектен тыс пәтер немесе жер орын беруіңізді сұраймын.
Сіздерден келген жауаптардың (Б. Шапқан басқасының) ешқайсысы «қанағаттандырған» жоқ.
-Сіздің қабылдауыңызға кіруге бола ма?
Арыз иесі: Шермағанбетова К. Н.
Администратор 28.06.2010
Құрметті Шермағанбетова ханым! 1988 жылы туылған балаңыз Қыдырбаев Жасұланға І топ мүгедектігіне байланысты зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Маңғыстау облыстық филиалынан төленетін жәрдемақыдан басқа жергілікті бюджеттен ай сайын 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) (1413 теңге), тоқсан сайын 1,5 АЕК (2119 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді және жыл сайын қазан айында мүгедектер күніне орай 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек тұратын мекен-жайы бойынша пошта бөлімшесіне аударылады. Сіздің балаңыз Ж.Қыдырбаев І топ мүгедек ретінде Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы пәтер алу тізімінің кезегінде 23.09.2008 жылы берген арызы бойынша № 1099 кезекте тұр. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқа азаматтар алдында ешкімнің де басымдық құқығы болмайды. Ақтау қалалық әкімдігінің жанындағы пәтер алу тізімінің кезегінде 01.01.2010 ж. 1433 адам өз кезектерін күтуде, ал кезектен тыс пәтер бөлу мәселесінің жеңілдігі Заңға енгізілмеген. Сондықтан, Қыдырбаев Жасұланның пәтер мәселесі өз кезегі келген уақытта қаралатындығын қаперіңізге береміз. Жоғарыда көрсетілген көмек түрлерімен қамтамасыз етуді Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асыратындықтан қажетті құжаттармен аталған мекемеге (12 шағынаудан, бұрынғы №34 балабақша, 101 бөлме, тел. 432611, Ш. Кулова; 207 бөлме, тел. 432652,З.Бисенғалиева) және тұрғын үй туралы қажетті ақпаратты Ақтау қалалық әкімдігінің Сервистік орталығына бекітілген кестеге сәйкес, 3 терезеге бас маман Мальгиждарова Л.Т. тел. 336717 (сейсенбі, бейсенбі сағ. 930-дан 1800-ге дейін) хабарласып, білуіңізге болады. Құрметпен, Қырымбек Көшербаев