2010 жылғы 29 қаңтардағы ҚР Президентінің "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Алматы қалалық әкімдігімен Интернет-конференция
2010 жылғы 5 маусымда «электрондық үкімет» порталында Алматы қалалық әкімдігінің қатысуымен Интернет-конференция өтеді. "Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты ҚР Президентінің Жолдауының өңірде орындалу барысы бойынша өтеді. Интернет-конференция 11.00-ден 13.00 сағатқа дейін өтеді.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.06.2010
- 05.06.2010
- Алматы қалалық әкімдігі
Сәуле 05.06.2010, Сұрақ нөмірі:
Президентіміз Н. Назарбаев өз Жолдауында «Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу» деді. Соған сәйкес алдағы он жылда тіл мәселесіне байланысты қандай нақты шаралар жүзеге асырылатын болады?
Администратор 05.06.2010
Тіл мәселесіне байланысты 2001 жылы қабылданған мемлекеттік бағдарлама осы жылы аяқталады. Сондықтан қазір Үкіметте «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жобасы әзірленуде. Оны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтіп, қабылданғалы жатқан Бағдарламаға енгізілуі тиіс мәселелер талқыланды. Оған зиялы қауым және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Алматы қаласының әкімдігі Бағдарлама жобасына байланысты өз тарпынан бірқатар ұсыныстар жолдады.