Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді

2010 жылғы 15-ші қазан күні Павлодар облысының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 21
  • 15.10.2010
  • 15.10.2010
  • Павлодар облысы Әкімдігі

Зайырова Рабиға 1937 жылы туған 15.10.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Менің бала Зайыров Қайырболат Қайсаұлы 1981 жылы туған. І топ мүгедегі. Балам Май ауданы Абай ауылының тұрғыны. 2009 жылдан бастап "Гломеронефрит" диагнозымен Павлодар қаласында емделді. Сол уақыттан бері аптасына 2 (екі) рет Павлодар қаласына гемодиализге барып тұрады. Уақытында ем алуына өте қиын, себебі Павлодар қаласында пәтерім жоқ. Бала көлік жалдап барып келеді. Жол қатынасы, ауа - райы барлығы денсаулығына әсер етеді. Маған осы балама пәтер мәселесін шешуіңізді сұраймын. Май ауданына іс - сапармен келгеніңізде осы мәселемен өзіңізге жолыққан едім. Бүгінгі күнге дейін жауабы болмаған соң Сіздің сайтыңызға хат жолдадым. Бұл мәселе жауапсыз қалмайды деп сенемін. Рахмет